Қадыров Путиннің бақылауынан шығып кетті ме?

0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Владимир Путиннің бақылауынан шығып кетті. Бұл туралы Украин сарапшысы Олег Жданов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Obozrevatel сайтына сілтеме жасап.

Ждановтың айтуынша, Рамзан Қадыров бірте-бірте Ресей Президентіне бас шұлғып, бағына беруден бас тартып жатыр. Ол өзін Владимир Путинмен бір деңгейге қойғысы келеді.

Путин осыны байқап, Қадыровпен арада арақашықтық ұстап отыр.

«Соңғы кезде Путин Қадыровты өзінен алшақ ұстап, Шешенстан астанасынан көп шығара бермеуге тырысып келеді. Қадыров сонда да шеңберден шығып кетіп, өзін Ресей Президентімен деңгейлес тұлға етіп көрсетуді қоятын емес», – деді ол.

Сонымен қатар ол «қадыровшылар»  Украинадағы қарулы қақтығыста Росгвардияның бір бөлігі болып саналғанымен, шешен басшысына бағынатынын айтып өтті.

«Қадыровтың жасағы РФ армиясына бағынып жүрген жоқ. Жасақ шешен жұрты басшысының жеке армия бөлімі сияқты», – деді ол.