Қадыров Париж маңында мұғалімнің басын кескен шешен жайлы түсінік берді
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Францияда мұғалімді Шешенстанның тумасы өлтіргенін айыптап, қылмыскердің азаматтығына назар аудармауға шақырды.
Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.
Қадыров Шешенстан кез-келген түрде лаңкестікке үзілді-кесілді қарсы тұрады деп жазады. Сонымен қатар, Шешен республикасының басшысы сенушілерді арандатпауға және олардың діни сезімдерін қорламауға шақырады. Қадыров шешен халқының Конфланс-Сен-Онориндегі қайғылы оқиғаға ешқандай қатысы жоқ деп сендірді және бұл Франция өзінің барлық проблемаларын шешендердің мойнына жүктеуге тырысып отырған бірінші жағдай емес деп шағымданды.