Қадір түнінде бір топ жігіт Әзірет Сұлтан мешітінің алдына жиналды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Тұрғындар қадір түнін үйде өткізу ұсынысына түсіністікпен қарап, қойылған талаптарды бұзған жоқ

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Қадір түнінде «Әзірет Сұлтан» алдына 15-ке жуық жас жігіт жиналып, мешітке кіргізуді сұраған. Түсіндіру жұмысынан кейін олар үйлеріне қайтқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Кеше (19 мамыр – Sputnik) республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің алдында 15-ке жуық жас жігіт жиналды. Олар мешітке кіргізуді сұрады. Біздің имамдар мұндай шектеудің не себепті енгізілгенін түсіндірді. Жастар имамдарды тыңдап, үйлеріне қайтты», – деді діни басқарманың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Сондай-ақ, Қадір түнінде «Нұр Астана» мешітіне тұрғындар келмеген, бірақ кезекші имам онлайн-режимде уағыз оқыған. Айта кетейік, діни басқарма қызметкерлері тарапынан Қадір түніне байланысты арнайы онлайн-бағдарламалар әзірленді.

«Бас мүфти мен еліміздің дін саласындағы ғалымдары Қадір түні Құранды хатым етті, онлайн-режимде уағыз бен пайдалы дәрістер оқыды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар діни басқарма тұрғындардың Қадір түнін үйде өткізу жайлы ұсынысқа түсіністікпен қарап, қойылған талапты бұзбағанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қадір түнін үйде қалай өткізу керек – бас имамдар кеңес берді

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталды, қасиетті ай 23 мамырға дейін жалғасады.

2020 жылы пітір садақа мөлшері адам басына 370 теңге деп белгіленді.



sputniknews.kz