Қабір қиратқан күдікті табылды
Алматы облысында христиан зиратындағы қабірді қиратты деген күдікпен ауылдың 38 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды KZNEWS.KZ сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Талғардағы зираттың қиратылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде 8 наурызда пайда болды. Белгісіз біреулер құлпытасты төңкеріп кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Жерлеу орнын қорлады деген күдікпен Талдыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол құлпытасты құлатқанын мойындаған.
«Ол наурыздың басында мас күйде құлпытасқа зақым келтіргенін айтты. Ұсталған азамат мұндай әрекетке не себеп болғанын түсіндіре алмады», — деп хабарлады
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша айыпталып отыр. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсталған адамға ірі көлемде ақшалай айыппұл, түзеу жұмыстары, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу шарасы қолданылады.
(Фото http://Stan.kz сайтынан алынды)