Қабатовтың қызына қатысты сот үкімі шықты

0

Нұр-Сұлтан қаласының №2 Алматы аудандық соты Нұрбек Қанайға қатысты жалған құжат жасау фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1-бөлігі) айыптау үкімі шығарды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Сотталушы елордадағы 140+1 білім беру орталығының басшысы болып еңбек етеді.

Сот биылғы жылдың 12 тамызында мектеп оқушыларының ҰБТ-да жоғары балл жинап, білім беру орталығына оң имидж қалыптастыру мақсатында тестілеуден өтіп жатқан төрт мектеп бітірушінің жеке куәліктеріндегі фотосуреттерін оның фотосуреттеріне ауыстырғанын анықтаған.

Сот Нұрбек Қанайдың жүріс-тұрысына пробациялық бақылау орнату арқылы бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Тамыз айының басында белгілі адвокат Абзал Құспан Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге Еуразия ұлттық университетінің екінші курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кіргенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.