Путиннің көмекшісі: Ресей жері Украина, Қазақстан және Беларусь аумағында қалып қойды

0

Ресей президентінің көмекшісі, экс-мәдениет министрі Владимир Мединский Федерация кеңесінің депутаттарынан “ұлы ресейлік жерлердің Украина, Қазақстан және тіпті Беларусь территориясында қалай қалып қойғандығы туралы ойлануды” сұрады деп хабарлайды “Коммерсантъ”. Басылымның хабарлауынша, сейсенбіде Федерация кеңесі Ресей тарихы Батыспен “менталды соғыста” басты қаруға айналуы керек деген қорытындыға келген.

Сенаторлар түрлі министрліктердің өкілдерімен бірге екі сағатқа жуық уақыт “әскерилерсіз соғыс” және “тарих үшін күрес” жайлы әңгімелескен деп жазады басылым.

Сенатор Алексей Пушков кеңес басында Батыс “әлем бойынша Ресейдің делегитимациясы үшін күресті жалғастырып қана қоймай”, “аса агрессивті” әрекет етуге ниетті екендігі туралы мәлімдеме жасаған. Ал “Ресейді әлемдік аренада қорғау” үшін “тарихи шындықты бұрмалау әрекеттеріне заңнамалық деңгейде жауап қайтару қажет” дейді ол.

Президенттің көмекшісі, экс-мәдениет министрі Владимир Мединский болса, тарихпен күрес барлық уақытта болғанын және әлі де болып жатқанын алға тартқан.

Мединский “батыс құндылықтарын енгізу жұмысы” ресейліктердің өз еркімен “Курилдерді, Калининградты, Карелияны және Выборгты қайтарғысы келетін күнге” әкеліп соқтырары сөзсіз” екендігін ескерткен.

Сөз соңында, Мединский депутаттарға “ұлы ресейлік жерлер Украина, Қазақстан, тіпті Беларусь территориясында қалай қалып қойғандығы” туралы ойлануға кеңес берді.

kaz.nur.kz