Путиннің бұйрығы бойынша Украинаға қарсы соғысып жатқан Башар Асадтың жалдамалы содырларының діни көзқарасы қандай?

0

Бұлардың ұстанымы православиелік діни элементтерден тұратын сопы-шиғалық бағыттағы АЛЕВИЯ (алавиты) сектасы.

Ал аталмыш сектаның Түркия мен Қазақстандағы түрікше нұсқасы қожа АХМЕТ ЯССАУИДІҢ шәкірті саналатын БЕКТАШ ӘЛИ (сеийд Мұхаммед бин Ибрахим Ата) деген шиизм өкілі екенін қазақ қоғамы біле бермейді.

ШИИЗМДІ ұлан-ғайыр Қазақ еліне насихаттауға бар күшін салған қожа АХМЕТ ЯССАУИДІҢ іліміне сусындаған алевит-бекташи ағымының ізбасарлары Путиннің сойылын соғып,дәл қазір азат Украина халқын аяусыз қырып,геноцид жасауда.
Айтпақшы Яссауидің шәкірті Бекташи Уәлиді пір тұтатын қазақстандық сопы-зікіршілер ИСМАТУЛЛА тақсыр мен САЯТ ЫБЫРАЙ қамалып сотталғанда Түркияға барып жан сауғалаған еді.

Енді келіп БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН,МҰХАМЕДЖАН ТАЗАБЕК және тағы да басқа сәләфи-ихуандар антисемит ЕРДОҒАН мен оның ұлы БІЛӘЛДЫҢ жанынан табылып отыр.
Ал Осман империясын қайта құрғысы келетін Ердоғанның идеологтары өзара бітіспес жау сәләфизм мен шиизм-суфизмнің басын қосып,біріктіргісі келеді.

Қысқаша айтқанда ТҰРАН одағы,түркі бірлігі деген Түркияның діни саяси пропагандасына қазақтар ешқашан алданбауы қажет.

Себебі бұл тәп-тәуір Һәм жап-жақсы идеяның астарында Ердоғанның Осман халифатын аңсайтын,яғни ортағасырлық діни теократияға негізделген имперлік сасық саясаты жатыр.

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ