Путинмен кездесуде студент қыз талып қалды

Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінде студент қыз есінен танып қалды
Сейсенбі күні кешке Ресей президенті Екатеринбург қаласына барған. Ол сапар аясында Урал федералды университетінің студенттерімен кездесті. Жиын сұрақ-жауап форматында өтті.
Бір сағаттан соң студенттердің бірі есінен танып қалды.
Путин сөзін тоқтатып, қызға көмек көрсетуді сұраған.
«Қызға көмектесіңдер. Ақырын көтеріп алыңыздар», — деді ол.
Ресей президенті дәрігер шақырып, студент қызға медициналық көмек көрсету керек екенін айтқан.
Студенттер Ресей президентін сағат түскі 14:00-ден бастап күткен.
sputniknews.kz