Путинді биліктен аластамақ болған бақсы психиатриялық ауруханадан шықты

0
71
Фото twitter.com сайтынан алынды

«Путинді Кремльден аластамақ болған» саха бақсысы Александр Габышевті Новосибирскідегі психиатриялық ауруханадан Уссурийск ауруханасына ауыстырған. Бұл жөнінде адвокаты Алексей Прянишников хабарлады, деп жазады kznews.kz сайты Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Прянишников айтуынша, психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеуге байланысты Габышев кассациялық шағымына өзі қатыса ма, жоқ па әзірге белгісіз. Кассациялық сот 12 сәуірде өтеді.

25 ақпанда Новосибирск аудандық соты Александр Габышевті психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу, одан кейін Ресейдің өзге өңіріне жіберу жөнінде шешім шығарған.

Саха бақсысы Александр Габышев 2019 жылы наурыз айында «Путинді Кремльден аластау үшін» Мәскеуге жаяу шыққан еді. Ол «Ресей президенті қара күштен жаралған және онымен тек бақсы ғана күресе алады» деп мәлімдеген. Осыдан кейін ол Ресей билігінің қуғынына ұшырап, бірнеше рет қамалған, психиатриялық ауруханаға жатқызылған.

Ресей белсенділері Габышевтің қудалануын айыптап, оның үстінен қылмыстық іс қозғау дұрыс емес екенін айтты. Бақсының «ақыл-есі дұрыс емес» деп тұжырым жасаған медициналық сараптама қорытындысымен де келіспеген.