«Путинді бәрібір өлтіреді!»

0

Батыс елдері мен Түркия мемлекеті Путинді қорғауға кепілдік бермейді. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғыста жеңілген кезде ғана тыныш қартая алады.

Бұл туралы ресейлік публицист Андрей Пионтковский айтты.

«Ресейде оны бәрібір өлтіреді немесе оны ультрафашистер жойып жібереді. Оны трибунал өлім жазасына кеседі», — деді публицист.

АҚШ Қытаймен Ресей президенті Владимир Путиннің болашақ тағдыры туралы келісе алатын көрінеді.

«Қытай президенті Си Цзиньпин ғана оның өміріне нақты кепілдік бере алады. Барлығы оның буддисттік монастырда тыныш өмір сүргеніне риза болады», — деді Пионтковский.

«Путин өз өміріне көбірек қызығушылық танытады. Ол қазір шұғыл атысты тоқтату керек екенін түсінеді. Сондықтан  арандатушылыққа жол бермейді. Жалпы оның өмір сүргісі келеді», — деп түсіндірді сарапшы.

УНИАН хабарлағандай, бұған дейін Пионтковский Украина Ресей Федерациясымен соғыста жеңіске жетуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл ағымдағы жылдың қазан айында немесе келесі жылдың жазында орын алуы мүмкін.

Ақпарат: Unian.net