«Путин Украинадан кейін Қазақстанға қол салады» — америкалық саясаттанушы

0

«Путин Украинадан кейін Қазақстанға қол салады». Бұл пікірді америкалық саясаттанушы Кейси Мишель өзінің Twitter парақшасында қалдырды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Енді Путин өзін кек алушы диктатор деп көрсеткеннен кейін, естеріңізде болсын: оның Украина туралы айтқанының бәрі Қазақстан туралы айтқанымен бірдей. Қазақтарда «ешқашан мемлекеттілік болмаған». 1991 жылы оның негізін бір ғана Назарбаев қалады. Бұл Украинамен аяқталмайды», — деп жазды ол.