Путин туризм саласында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын ашуды ұсынды
Қысқа сілтеме алу
Тур бағдарламаларда «Алтайдың алтын сақинасы» секілді сәтті жобалардың үлгісіне сүйене отырып, туризмді, емдеу мен демалуды біріктіру ұсынылып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлеп, туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамыту туралы айтты.
«Алтайдың алтын сақинасы» секілді туристік бағдарламаларды дамыту қажет, оның аясында емдеу мен демалысты, тарихи-мәдени және табиғат нысандарына экскурсияларды біріктіретін жаңа туристік бағдарлар мен турлар құрылады», — деді Путин.
Ресей президенті қоршаған ортаны қорғау, трансшекаралық экожүйені, Орал, Ертіс және басқа өзендердің су айдындарын сақтау саласындағы ынтымақтастықты маңызды деп атады.
«Бүгін Қазақстан президенті шағын құрамдағы келіссөздерде осы мәселені көтерді, мен онымен толық келісемін. Бұл біздің ортақ мүдделерімізге сай келеді», — деп атап өтті Путин.
Сондай-ақ, Ресей жастар саясаты тақырыбын Қазақстанмен бірге дамытуды жалғастырады.
«Біздің елдеріміздің осы мәселелер бойынша ынтымақтастығына Омбыдағы Қазақстан мен Ресейдің жас көшбасшыларының бірінші форумы жағдай жасайды. Біз жас көшбасшылардың осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге ұмтылып жүргенін білеміз», — деді ол.
Өңіраралық форумдар жыл сайын Қазақстанда немесе Ресейде ауыса отырып өткізіледі.
sputniknews.kz