Путин Тоқаев бас тартқан орденмен Мирзиёевты марапаттады

0

Путин Өзбекстан президентін Александр Невский орденімен марапаттады.

Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті Александр Невский орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланды. Өзбекстан басшысы екі мемлекет арасындағы «Достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы зор еңбегі үшін» марапатына ие болды.

Ресей мен Өзбекстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген зор еңбегі үшін Мирзиёев Шавкат Мирзиёев Александр Невский орденімен марапатталсын, – делінген президенттің жарлығында.

Александр Невский орденін мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік қызмет, ғылым, экономика, мәдениет және өнер салаларында ерекше табыстар мен нәтижелерге қол жеткізген тұлғалар алады.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапаттан бас тартқан еді.