Путин ТМД президенттерін Ауғанстандағы Талибанмен ынтымақтастыққа шақырды

0

«Орталық Азия – Ресей» саммитінде Владимир Путин ТМД елдерінің президенттерін Ауғанстандағы билікті басып алған Талибандармен ынтымақтасуға шақырды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы t.me/orda_kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Ол Ауғанстанда бүкіл Орталық Азияның мүддесі үшін жаңа Азаматтық соғысқа жол бермеу керектігін атап өтті.

«Экономикалық құлдырау жағдайында Талибан Үкіметі Ауғанстан үшін дәстүрлі ақша өндірудің кейбір түрлеріне жол беруге мәжбүр. Оның ішінде есірткі бизнесі де бар. Мұны бәрі біледі. Шетелдік арнайы қызметтердің қысымымен талибандар солтүстікте террористердің тірек базаларына да көз жұмып қарап отыр. Әрине, біз Ауғанстанның қазіргі билігімен жұмыс істеуіміз керек. Бірақ бұл біздің осы бағыттағы жұмысымызды мұқият талдау мен үйлестіруге мүмкіндік береді», — деді Путин.

Фото: rg.ru