Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

0
  • Ресей президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясының президентін әуежайда қарсы алды. 

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымын 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 5 жылда 56,5% өсіп, 66 миллиард долларға жетті. 2024 жылғы қаңтар мен сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі 19,1 миллиард долларға өсті. Осы кезеңде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 7,4 миллиард долларға тең болды.