Путин Рогозинді «Роскосмос»-тың бас директоры қызметінен босатты

0

Дмитрий Рогозин Роскосмосты төрт жылдан астам уақыт басқарды. Енді оның орнына Юрий Борисов тағайындалды деп хабарлайды kznews.kz тілшісі. 

Дмитрий Рогозин «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры қызметінен босатылды.  Тиісті жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойды.

«Рогозин Дмитрий Олегович «Роскосмос» Мемлекеттік ғарыш корпорациясының бас директоры қызметінен босатылсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді», — делінген Кремльдің сайтында.

Мемлекеттік корпорацияның жаңа басшысы Юрий Борисов болды.  Бұған дейін Путин оны вице-премьер қызметінен босатқан еді.

Ресей премьер-министрінің жаңа орынбасары болып Индустрия және сауда министрі қызметін атқаратын Денис Мантуров сайланды.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Рогозинді жаңа қызметке орналастыратындарына сендірді.  Сонымен бірге Песков Роскосмос басшысының отставкаға кетуі ешқандай жұмыс барысындағы процестермен байланысты емес екенін атап өтті.