«Путин режимі құлауы мүмкін»

0
3883
Путин әскері қырылып жатса да, қосымша тағы да әскер кіргізіп жатыр. Қазір шабуылдың форматы артиллерия мен қанатты зымырандарға ауысты. Ресейдің танкілері мен БТР-лері, басқа да соғыс техникаларының күлі шығып, тау болып үйіліп қалды. Украина жеріне темір ғасыры орнады. Путин дәл қазір жан алысып, жан беріскен операцияларға кірісуде.
Соңғы этаптар:
Ресей санкцияның астында қалды. Ең ірі төрт банктің жұмысы шатқаяқтап тұр. Ұлыбритания билігі дәл қазір Ресейдің миллиардер олигархтарының активтері мен қаржыларын бұғаттап жатыр. Бұған төзе алмаған Ресейлік миллиардерлер Михаил Фридман мен Олег Дерипаска бүгін Путинге қарсы тікелей мәсімдеме жасап, «Соғысты тоқтатыңыз, президент мырза! » деген хабар жолдады. «Базовый элемент» холдингінің басшысы Дерипаска санкцияның соққысынан 7.8 миллиард АҚШ долларынан айырылып отырмыз деп жан дауысын шығарып отыр.
Ұлыбритания билігі ресейлік миллиардердерге қырғидай тиіп жатыр. Ендігі этап — ресейлік миллиардерлер мен олигополия Путин билігінің ажырамас жауына айналмақ. Ресейде ең үлкен саяси күштер Путинмен кескілескен шайқасқа дайындалып та қойған сияқты. Бұлар белсене қозғалса, Путин билігі тарих сахнасының қоқысына кетуі әбден мүмкін.
Бекболат ҚАРЖАН