Путин Ресейге қатысты санкциялар туралы: біз ешкіммен ұрсысқан жоқпыз

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы Ресейге қатысты санкциялардың оң және теріс әсерін атады   

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым  — Sputnik. Владимир Путин Батыстың экономикалық санкцияларынан Ресей мен басқа елдерге келген шығынды салыстырды. Ол Еуроодақ елдері, АҚШ пен Жапония Ресей нарығын жоғалтқанын мәлімдеді.

«Біз ешкіммен ұрсысқан жоқпыз, ешкіммен керілдескіміз келмейді. Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, шектеулердің салдарынан Ресей 2014 жылдан бері 50 миллиард долларға жуық қаражаттан айырылды. Еуропалық одақ 240 миллиард, АҚШ 17 миллиард, Жапония 27 миллиард доллар жоғалтты. Мұның бәрі жұмыс орындарында сезіледі, олар біздің нарықты жоғалтып жатыр», — деп жауап берді Ресей басшысы.

Путин елдегі шектеулер қандай бағыттарды дамытуға мәжбүр еткенін атап өтті.

«Пайдасын да көрдік. Бізге бір нәрсе жасау керек болды, оны жасадық: экономиканың жоғары технологиялық секторларында не істеуге болатыны туралы ойландық», — деді Ресей президенті.

Ол мемлекет «ұлттық, іргелі мүдделерге» немқұрайлы қарамауы тиіс екенін атап өтті.

Путин АҚШ Ресейді экономикадағы жаһандық бәсекелесі ретінде көруді жалғастыратынын атап өтті, айтуынша, қазір мұндай саясат Қытайға қатысты да жүргізіліп жатыр.

«Қараңыздаршы, Қытай Халық Республикасының Қырым мен Донбасқа қатысы жоқ. Бізді Донбасты басып алды деп айыптап жатыр, бұл дегенің бос сөз ғой, өтірік. Қытайдың бұған еш қатысы жоқ, ал оның тауарларына қойылған тарифтерді санай беріңіз, мұнда да сол санкциялар, ұлғайып жатыр», — деп толықтырды ол.



sputniknews.kz