Home Жаңалықтар Путин – Ресей кез келген жауды жоя алады

Путин – Ресей кез келген жауды жоя алады

0
275

Ресей президенті Владимир Путин әскери-теңіз парадында Ресей «кез-келген жауды жоя алады» деп мәлімдеді. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында хабарлады, деп жазды KzNews.

Путин Санкт-Петербургте Ресей Әскери-теңіз күштері күнін мерекелеу кезінде сөз сөйледі. Оның айтуынша, Ресей әскери-теңіз флотында «ұлттық мүдделерді қорғау» үшін барлық қажеттіліктер бар.

Ресей Президенті Ресей әскери-теңіз флоты кез-келген әуедегі және сүңгуір қайықты немесе жер үстіндегі жауды анықтай алады және оған «сөзсіз соққы» бере алады деп айтты. Флот күнімен құттықтау кезінде Путин сонымен бірге «І Петрдің өсиеттерін» еске алды.

Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің бұрынғы басшысы Михаил Саакашвили Ресей президенті Путиннің советтік диктатор-тиран Иосиф Сталинге сүйсінетінін айтты.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты