Путин Рамзан Қадыровқа жаңа әскери атақ берді
Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа «генерал-лейтенант» әскери атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Шешенстан Республикасы Парламентінің төрағасы Магомед Даудов хабарлады. Бұл туралы kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап жазады.
«Құрметті достар! Қымбатты ағам, Шешенстан Республикасының басшысы, Ресей Батыры Рамзан Ахматұлы Қадыровты Ресей Президенті, Жоғарғы Қолбасшы Владимир Путиннің Жарлығымен генерал-лейтенант әскери атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймын!» — деді Даудов.
Ол халықаралық лаңкестікке қарсы жеңіске және Ресейдің тұтастығын сақтауға Қадыровтың қосқан үлесін бағаламауға болмайтынын еске салды.
Еске салсақ, бұған дейін Қадыров өз отбасындағы ер адамдардың барлығы қазір Украинада екенін және Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына қатысып жатқанын хабарлаған.