Путин Қазақстанға қанша ресейліктің келіп жүргенін айтты — Ел жаңалықтары

0

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға жыл сайын қанша ресейліктің келетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Путин Петропавлдағы өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі форум кезінде Ресейге жыл сайын 3,6 миллион қазақстандықтың, ал Қазақстанға жыл сайын 3 миллион ресейліктің келетінін айтып өтті.

«Туризмнің жаңа түрлерін тағы да дамытатын болсақ, бұл көрсеткіштің әрі қарай да жоғарылайтынына сенемін», — деді Ресей президенті.

Владимир Путиннің айтуынша, ресейліктердің Қазақстан экономикасындағы үлесі 12,2 миллиард долларға, ал қазақстандықтардың Ресей экономикасындағы үлесі 3,6 миллиард долларға жеткен.