Путин Қазақстан мен Ресейдің байланысы туралы ойын айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ресей президенті елшілердің сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде екі елдің қарым-қатынасына тоқталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин елшілердің сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде Қазақстан мен Ресейдің байланысы туралы ойын айтты.

«Біз Қазақстан басшылығымен жеткен байланыс және сенім деңгейін жоғары бағалаймыз. Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірқатар кездесу өткіздік. Досымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланыстамыз. Ресей мен Қазақстан халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша да мықты әріптестік орнатқан. Қазақстан Сириядағы жағдайды реттеу үшін Астана келіссөз алаңын ұсынғанын білеміз», – деді Владимир Путин.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі Ермек Көшербаев Владимир Путинге сенім грамотасын табыстаған болатын.

Ермек Көшербаев 29 қаңтар күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін көрші елде елші болған Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты 2019 жылдың 18 желтоқсанында қызметінен босатылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз