Путин қастандықтан қорқып, мыңдаған жеке қызметкерін жұмыстан шығарды – тергеуші

0

Ресей президенті Владимир Путин бір айдың ішінде бүкіл ортасын толығымен өзгертті, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Алексей Навальный командасының тергеу бөлімінде жұмыс істейтін ресейлік саяси және қоғам қайраткері Георгий Альбуров өзінің Twitter парақшасында бөлісті.

Альбуровтың айтуынша, Кремль басшысының айналасындағы кадрлар ауысты.

«Ата (Путин – Ред.) улы заттар туралы көп біледі. Путин ақпан айында өзін улайды деп қорыққандықтан 1000 жеке қызметкерді (күзетшілер, аспаздар, хатшылар мен қызметшілер) ауыстырды» деп жазды ол.

«Оған көмектеспейді… Сталин де тазарту жұмыстарын жүргізген… бірақ соңында ол жойылды. Ол қорыққанымен бәрі міндетті түрде орындалады. Мың жаңа адам Путинге жету мүмкіндігін ғана арттырады» деп пікір білдірді қолданушылар.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.

2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ, 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.

27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.