«Путин өз ажалымен өлмейді»

Russia's President Vladimir Putin visits Kaliningrad Stadium before a meeting with sports officials to discuss the soccer World Cup and other sports issues in Kaliningrad, Russia July 20, 2018. Sputnik/Alexei Nikolsky/Kremlin via REUTERS ATTENTION EDITORS - THIS IMAGE WAS PROVIDED BY A THIRD PARTY. - RC19E94CCEE0
Ресейлік атақты шахматшы Гарри Каспаров «Путиннің өлімі» туралы өз болжамын айтыпты. Оның сөзінше, Путиннің түбіне өз төңірегіндегілер жетеді. Путин өз ажалымен өлмейді. Украинадан жеңіліс тапқан күні-ақ, оны өз адамдары құрбанға шалып жібереді.
«Оның тағдыры белгілі. Путин үшін шексіз биліктен асқан өмір жоқ. Билік оның жеңілмейтініне әрі жазаланбайтынына кепіл берген тас қорғаны болды. Украинадағы соғыс сол қорғанның быт-шытын шығарады», — дейді Каспаров.
Шахматшы Путиннің Украинадағы жеңілісі Ресейдің күйреуіне әкеледі және оған диктатор ғана жауапты екенін айтады. Оның ойынша, Украина бұл соғыста жеңіске жетеді. Бұл жеңіс — тек қана әскери жеңіс емес. Жаһандық деңгейде баға берсек, қатігездіктің жеңілісі болмақ.
«Бұл жеңіліс — бүгінгі күні Путин жасап отырған зұлымдықтың белгісіндей болып қалады. Дәл қазір Украина әлемді XXI ғасырдың «фашизм» атты нәубетінен құтқарып отыр. Украинаның жеңісі тарихи маңызы бар оқиға болмақ», — дейді шахматшы.
(ақпарат, фото USBANOV Arnasy телеграмм-каналынан алынды)