Домой Жаңалықтар Путин өткен шақпен өмір сүріп жатыр

Путин өткен шақпен өмір сүріп жатыр

0
188

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Ресей президенті Владимир Путиннің әскерді ішінара жұмылдыру туралы жарлығына қатысты ойын айтты.

Ол америкалық жазушы Марк Твеннің «Өз өмірімде мен көптеген жаманшылықты басымнан өткіздім, бірақ олардың көбісі сол күйі болмай қалды», деген сөзін мысалға келтіріп,  Ресейдің Украинадағы соғысқа байланысты әскерді ішінара жұмылдыруын сынап, бұл әрекеттің түптің түбінде Ресей Федерациясының түбіне жететінін айтты.

Дәл осы цитатаны мен Путиннің үндеуіне эпиграф ретінде қолданғым келіп отыр. Путиннің тарих пен ішінара мобилизация жайлы бүгінгі айтқандарын тыңдап, оның қаншалықты өткен шақпен өмір сүріп жатқанын көрдім. Енді Ресейден барлық білікті жастар қашып кетуге тырысады. Ресей төменге қарай түбегейлі құлдырап, деградацияға ұшырайды.

Осындай елдің ортағасырға кері кеткені өкінішті, –  деді ол.

Қазір Ресейде әскерді ішінара жұмылдыру туралы жарлық шыққан күні жаппай наразылық болып жатыр. Елдің үлкен қалаларында толқулар басталып кетті. Путиннің саясатына көнгісі келмейтіндер, балаларын туған-туыстарын әскерге жібергісі келмегендер бас сауғалап көрші елдерге кетіп жатыр.