Путин Назарбаевтың президенттіктен кеткеніне алғаш рет пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресей президенті Қазақстанның тұңғыш президентінің табысқа жетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті лауазымынан кетуіне қатысты түсініктеме берді. Біздің одақтасымызбен қандай саяси оқиғалар жүріп жатқанын көріп отырмыз. Біз сабақтастықты әрі қарайда қамтамасыз етеміз деп үміттенеміз. Назарбаев өзінің жоғары лауазымын тастап жатқандықтан бірлескен жұмысы үшін ризашылық білдіріп, табыстар тілейміз», — деді ресейлік көшбасшы Ресей Федерациясы Үкіметінің отырысын ашып.

Тыңдаушылар қол шапалақтап, қошемет көрсетті. 

Бұдан басқа, Ресей Федерациясының басшысы Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) авторларының бірі екенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті өкілеттігін тоқтатты. Назарбаев оның алдында Путинмен телефон арқылы әңгімелесіп, келешекте тұрақты байланыстарын жалғастыруға келісті.


Қазақстанда президент сайлауы қашан өтеді

stan.kz