Путин Назарбаевтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

0

 

РФ Президенті Елбасына алғысын айтып, оған денсаулық пен жетістік тіледі.

РФ Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа интеграцияны жетілдірудегі жұмысына алғысын білдірді және ол қызметінен кеткен соңда Қазақстан саясатының одан әрі жалғасын табатынына үміт ететінін айтты, — деп хабарлайды ТАСС.

— Біз көрші елде, ең жақын одақтасымызда қандай саяси оқиғалар болып жатқанын көріп отырмыз. Олар саяси басшылықтың ауысуына байланысты болып отыр, біз жалғастықтың болатынына үміт етеміз, — деді Путин, үкімет мүшелерімен дәстүрлі кездесуді ашу барысында. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбавтың ең жоғарғы мемлекеттік лауазымынан кетуіне байланысты, біздің оған бірлесіп атқарған жұмыстарға алғысымызды айтып, оған зор денсаулық пен жетістік тілеуімізге негіз бар, — деді президент.

РФ басшысы Назарбаевтың Қазақстан мен Ресейдің арасындағы ілгерілі интеграцияға бастамашы болғандардың бірі екенін айта кетті.

— Оны ЕурАзЭҚ деген деген атаумен белгілі, өте сәтті дамыған жобаның авторы деуге болады. Жобаның мұнша сәтті шыққаны да оның ЕурАзЭҚ жұмысына қолдау көрсетіп, тікелей қатысуының арқасы. Путин осы аталған прцесстерді қолдау үшін Ресей тарапы барлығын жасайтынын айтты.

Назарбаев 19 наурыз күні мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтататынын айтқан болатын. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы және Конституциялық кеңестің мүшесі болып қала береді. Президент лауазымы Сенат төрағасы (парламенттің жоғарғы палатасы) Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырылды. Ол 20 наурыз күні Қазақстан халқына ант берді.

Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурыз күні отставкаға кетпестен алдын Владимр Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

kaz.zakon.kz