Путин Назарбаевқа жаңа мәртебе не үшін берілгенін түсіндірді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммиті өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағы неліктен берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын беру бастамасын Ресей басшысы ұсынған болатын.

«Әріптестерім мені қолдағанына өте қуаныштымын. Мұның өзіндік мәні бар. Мәні зор. Бұл атақ Нұрсұлтан Әбішұлына осы идеяның авторы ретінде және оны жүзеге асырғаны үшін ғана беріліп отырған жоқ. Ол одақты құру жолында аянбай еңбек етті. Қазір де жұмыс істеп жүр, одақты нығайту үшін әлі көп пайдасын тигізуі мүмкін. Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің ұсынысымызды қабыл алғаныңыз үшін рақмет», — деді Путин ЖЕЭК отырысында.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммиті өтті. ЖЕЭК отырысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына орайластырылған.

Тағы оқыңыз: Басқа елдер ЕАЭО-мен ынтымақтасуға неге қорқады?

Алқалы жиынға Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон қатысты.



sputniknews.kz