Путин мен Тоқаев «Орталық 2019» әскери жаттығуын бірге тамашалауы мүмкін

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бұл жаттығуларға РФ Қарулы күштерімен бірге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскерилері де қатысады

МӘСКЕУ, 20 тамыз — Sputnik. Ресей Қарулы күштерінің «Орталық 2019» стратегиялық командалық-штабтық жаттығулары 16 және 21 қыркүйек аралығында өтеді. РФ қорғаныс министрлігі бұдан бұрын хабарлағандай, жаттығуларға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскерилері де қатысады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, Владимир Путин осы елдердің мемлекет басшыларының бірімен жаттығуды бірге тамашалауы мүмкін. Олардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

«Жоққа шығара алмаймыз», — деді Дмитрий Песков сұраққа жауап беріп.

Еске сала кетсек, «Орталық 2015» жаттығуларына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық жедел күштерінің құрамындағы Қазақстан әскерилері де қатысқан болатын.

«РФ-ның еуропалық бөлігіндегі Донгуз, Тоцкий, Аданак полигондарында  12 950 адам жаттығудан өтеді (олардың ішінде РФ әскерилерінің саны — 10 700-ге дейін, шетелдік әскерилер — 2 250 адамға дейін). Сондай-ақ 250-дей танк, 450-ге жуық жауынгерлік көлік пен бронетрансппортер, 200-ге тарта артиллериялық жүйе мен дүркіндетіп ату реактивті жүйесі қолднанылады», — делінген Ресей қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Халықаралық армия ойындары — 2019: финалдың айшықты сәттері — видео

Бұған дейін Ресей мен Беларусь президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко екі ел аумағында дәстүрлі өткізіліп жүрген «Батыс» стратегиялық жаттығуларын көруге барған еді.



sputniknews.kz