Путин мен Байден Украина төңірегіндегі мәселені талқылады
Ақ үйдің ресми сайтында хабарланғандай, Джо Байден Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Ресейге Украинаға басып кірудің салдары туралы ескертті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Президент Байден егер Ресей Украинаға одан әрі басып кіретін болса, АҚШ біздің одақтастарымыз бен серіктестермен бірге Ресей үшін тез арада ауыр зардаптарға әкелетін жылдам әрі батыл жауап қайтаратынын айтты», — делінген хабарламада.
Байден Америка Құрама Штаттары одақтастармен және серіктестермен үйлестіру арқылы дипломатиямен айналысуға дайын екенін, бірақ сонымен бірге «басқа сценарийлерге»де дайын екенін мәлімдеді.
«Президент Байден Ресейдің Украинаға одан әрі басып кіруі адамзатқа жаппай қайғы-қасірет әкелетінін және Ресейдің позициясын әлсірететінін атап өтті», — делінген Ақ үй мәлімдемесінде.
РИА Новости Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасай отырып, Ресей мен АҚШ Президенттері бір сағаттан астам уақыт сөйлескенін хабарлады. Оның айтуынша, «әңгіме салмақты, іскерлік сипатта болды».
Оның айтуынша, Ақ үй басшысы Украина төңірегіндегі шиеленісті жағдай аясында Ресейге қарсы ықтимал санкцияларды атағанымен, бұл мәселеге назар аударылған жоқ. Ушаков АҚШ Ресейдің Украинаға басып кіру мүмкіндігін алға тартып, Путинмен телефон арқылы сөйлесуді сұрағанын айтты.