Путин Медведевті Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындады

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Жаңа лауазым құрып, оған бұрынғы премьер-министрді тағайындау туралы жарлыққа Ресей басшысы бүгін, 16 қаңтарда қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өз жарлығымен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын енгізіп, бұл қызметке бұрынғы премьер-министр Дмитрий Медведевті тағайындады.

«Ресей Федерациясы президентінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 715 «Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесінің құрамын бекіту туралы» жарлығымен бекітілген Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің құрамына Д. А. Медведевтің лауазымының атауын келесі редакцияда баяндай отырып өзгеріс енгізу: «Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы», — делінген құжат мәтінінде. 

Президент қол қойған жарлық Кремль сайтында жарияланды.

Путин Медведевке жаңа қызмет ұсынды

Кеше Ресей президенті Владимир Путин федералдық жиналысқа жолдау жасады. Бұдан соң Дмитрий Медведев Ресей үкіметінің толық құрамда отставкаға кететінін мәлімдеді.

Путин қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, Дмитрий Медведевтің үкіметіне алғыс білдірді.

  



sputniknews.kz