Путин еврейлерден кешірім сұрады

0
821

Ресей президенті Владимир Путин Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетпен телефон арқылы сөйлесу кезінде сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың еврейлер мен антисемитизм жөніндегі сөздері үшін кешірім сұрады. Бұл жөнінде Беннет үкіметі хабарлады.

«Премьер-министр Путиннің Лавров үшін сұраған кешірімін қабылдады және Холокост жайлы естеліктер мен еврей халқы жайлы айтқандары үшін алғыс білдірді», — делінген хабарда.

Кремльдің ресми сайтында президенттің кешірім сұрағаны жөнінде ресми ақпарат жоқ. Онда тек Путин Беннеті Израильдің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Украинадағы соғыс, оның ішінде «Азовсталь» зауытынан халықты шығарып алу жөнінде сөйлесті делінген.

Кремль сонымен бірге екі елдің лидерлері 9 мамыр — Жеңіс күнін атап өту жөнінде сөйлескенін хабарлаған. Ресей президенті «Геттода, концлагерлерде азап көрген алты миллион еврейдің 40 проценті СССР азаматы болғанын айтып, Израильде тұратын соғыс ардагерлеріне денсаулық, ұзақ өмір тілегін жеткізуді сұраған».

1 мамыр күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина президенті Владимир Зеленскийді нацистік Германия фюрері Адольф Гитлермен салыстырған. Ол «6 миллион еврейді қырған Гитлердің өзінде «еврей қаны» бар деген. «Еврей халқының ашық антисемиттердің өзі еврей дейтін даналығы бар», – деп мәлімдеген Лавров. Бұл сөздер Израиль басшылығының ашуына тиіп, Ресейге нота жолдаған.

3 мамырда Ресей СІМ «Антисемитизм жөнінде» мақала жариялапИзраильді «Киевтің неонацистік режиміне» көмектесіп жатыр деді. Келесі күні мекеменің ресми өкілі Мария Захарова Израильдің жалдамалы әскері Украинада «Азов» содырларымен иық тіресіп соғысып жатыр» деп мәлімдеген.