Путин екіжақты келісімдер жасау үшін Қазақстанға келді

0

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстанға келді. Оның ресми іс-сапары екі күнге жалғасады деп хабарлайды kremlin.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: odnastroka.ru

Фото: odnastroka.ru

Ресей басшысы Астана мен Петропавлда өтетін түрлі іс-шараларға қатыспақшы.

Путин ҰҚШҰ саммитіне қатысып, 20-ға жуық екіжақты келісім жасайды.

Сондай-ақ, Ресей көшбасшысы өңіраралық форумдарда да бой көрсетеді.

Одан бөлек, 9 қараша күні Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтеді.