Путин алғаш рет Украинаны мойындады

0

Ресей президенті Путиннің қатысуымен өткен баспасөз конференциясының негізгі идеологиялық жаңалығы – украин халқының бар екені мойындалды. Бұл туралы Ресей президентінің экс-кеңесшісі Андрей Илларианов мәлімдеді.

«Томостың алғашқы нәтижесі – Путин украин халқын мойындады. Пресс-конференция барысында Путин алғаш рет украин халқының орыстардан бөлек екенін айтты. Маған шынымен солай естілді ме, әлде көрінді ме? Алайда президент дәл осы фразаны екі мәрте қайталады. Ендігі жерде Путин екі халықты бөліп қарайтын болады», — деді Илларианов.

Сонымен қатар Илларианов президенттің пресс-конференция барысында айтқан сөзінен мысал да келтірді.

«Путин екі халықтың ара жігін ажыратып, іріткі салып отырған бір күштің барын айтты. Ең бастысы, бір емес, екі бөлек халық жайында болды әңгіме. Кеше ғана тек орыс халқы деп жырлаушы еді…», — деді президенттің экс-кеңесшісі.

Соңғы 10 жылда Путин украиндар мен орыстардың бір халық екенін айтып келді. Иллариановтың ойынша, Путин көзқарасын бекерден бекер өзгерткен жоқ. Оның себебі – Украинада тәуелсіз православ шіркеуінің құрылуы болды.

«Қамшы» сілтейді