ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен 28 мың қазақстандық пневмонияға шалдықты
Денсаулық сақау вице-министрі еліміздегі қазіргі коронавирус жағдайы туралы айтып, 28 мың пациент пневмониямен және коронавирусқа теріс ПТР анализімен ауруханаға жатқызылғанын жеткізген.
Ажар Гиниятқызы елімізде коронавирустан қанша адам жазылып, қаншасы ауырып жатқаны туралы айтып берді. Сонымен қатар, вице-министр көз жұмғандар мен ауыр науқастарға қатысты ақпаратпен бөлісті.
Ухань зертханасының басшысы вирустың таралуы туралы пікір білдірді
«Соңғы тәулікте 450 науқас стационарға түсті. Реанимация жағдайында ауыр және өте ауыр жағдайда 260 науқас бар. Оның ішінде 12 жүкті және босанғаннан кейінгі әйел адам және 1 бала бар. Осы науқастардың 72%-ы — өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында. Соңғы тәулікте 5 науқас жағдайының жақсаруына байланысты реанимация бөлімінен әдеттегі палата бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауыр науқастардың негізгі үлесі — Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі. Ақпарат бойынша КВИ-дан 264 адам қайтыс болды. Олардың жартысы үш үлкен өңірге тиесілі. Бұл — Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы, Алматы қаласы», — дейді Ажар Гиниятқызы.
Министр Цой: тағы 110 адамның өлімін зерделеп жатырмыз
Оған қоса, соңғы уақыттарда пневмонияның өршуіне байланысты министрлік ақпарат берді. Пневмониямен ауырып жатқандардың көп бөлігінде коронавирус анықталмаған көрінеді.
«Ел бойынша стационарларда ПЦР нәтижесі теріс пневмониямен 28 мың науқас ем алуда. Науқастардың 98,9%-ы жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Олардың ішінде 330 науқастың жағдайы ауыр. Бұдан басқа, стационарда КВИ-ға ПЦР нәтижесі теріс ЖРВИ диагнозымен 4 мыңнан астам науқас емделуде. Бүгін барлық өңірлерде емханалар, жедел жәрдем мен медициналық көмекті ұйымдастыру шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл шаралардың жүргізілуін Үкімет жанындағы ВАК басты көрсеткіштерге байланысты есеп беріп отыр», — дейді вице-министр.
Досым Сәтпаев: «Билік жөнсіз уәде беруін тоқтатып, дәріні тегін таратсын»
Министр сонымен бірге медициналық ұйымдарды қадағалау онлайн-бақылау тәртібі бойынша жүргізілетінін айтты.
«Кеше ғана Атыраудағы ауруханаларды онлайн-бақылау жүргізілді . Бұл дегеніміз қазір Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері кез келген өңірдің медициналық ұйымына хабарласып, онлайн байланыспен ұйымды бақылайды. Қызметкерлеріміз шынайы мәселені сұрайды. Қандай кабинетке кіруді де министрлік қызметкерлері айтып отырады. Кеше ғана осындай тәртіппен бірнеше пациентпен сөйлестік. Яғни жұмыстың осындай форматы аз уақыттың ішінде бірнеше аурухана жұмысын тексеруге мүмкіндік берді», — дейді министр.
stan.kz