Психологиялық тест: Туфлиге қай сөмкені сәйкестіріп алар едіңіз?
Психологиялық тест: Туфлиге қай сөмкені сәйкестіріп алар едіңіз?
№1 — Патшайым
Сіздің өзіңізді бағалау деңгейіңіз қалыпты – тым жоғары да емес, тым төмен де емес. Өз бағаңызды жақсы білесіз, ешкім сізді ренжітуге жол бермейсіз. Бірақ мұнымен сізді салқынқанды ханым деп айта алмаймыз, әрдайым басқаларға қол ұшын созуға дайын тұрасыз, жаныңыз сондай кең. Жан-жақты жетілген, әрдайым сөйлесе бергің келетін адам деп сізді айтамыз.
№2 — Ханшайым
Сіз мейлінше өзіне сенімді қызсыз. Бірақ кей қылықтарыңызға қарап, сырт көз ұшқалақ қыз деп ойлауы да мүмкін. Сіз өте сүйкімді де жайдарлы жансыз, бірақ көңіл күйіңіз ауа райынан да жиі құбылады. Сол себепті бір сәтте ең жақсы идеал адамға енді бір сәт ең қатігез, қырсық жанға айналасыз. Барлығын көңіл күйіңізге қарай орындайсыз.
№3 — қарпайым
Сізге өз бағаңызды түсіну керек. Бұл жағынан жиі мәселе туындайды, үнемі өзгелердің алдында төмендеп тұрасыз. Бірақ бұл сіздің істеріңізге, қалауыңызға, өміріңізге кедергі болмайды. Дегенмен өзіңізге деген сенімділік жоқтығынан жапа шегіп те жатасыз. Сіз өте тартымды, сүйкімді екеніңізді біліңіз. Өзгелер сізге қарап не ойлайды деген пікірден арылыңыз.
http://inform.kz