Психологиялық тест: Есіктің бірін таңдап, өзіңіз туралы сыр біліңіз
Психологиялық тест: Есіктің бірін таңдап, өзіңіз туралы сыр біліңіз
1. «Кәсіпкер»
Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.
2. «Рухани тәлімгер»
Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі ұсқыныңыз қандай жайдары болса, жаныңыз да сондай жомарт. Ешқашан сабырға келе алмайтын жанды да тыныштандыру сіздің ғана қолыңыздан келеді.
3. «Өнертапқыш»
Сіз қуатыңыз мол және қатарыңыздан озық жансыз. Күні бойы жаңа да тың жобалар мен идеяларды дамыту үшін қозғалмай отыра аласыз. Әрдайым жаңа нәрселерді ойлап табуды жақсы көресіз. Жұмыста да, басқа кезде де кез келген істі байқап көргіңіз келеді. Алғаш көрген көзге іш пыстырарлық адам боп таныласыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ идеяларыңыз ешқашан ешкімді жалықтырған емес. Заттардың құпиясын ашу үшін ұзақ әуреленіп, тәжірибе жасағанды жаныңыз сүйеді.
Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан
http://inform.kz