Пропагандист Соловьевтың Путиннен кесапат әңгімесі үшін қандай марапат алғаны анықталды
Қазір ол өзінің ең жақын досы Путинмен бірге Ресейдің әскери күші туралы әңгіме етіп, санкциялардың маңызы жоқ екенін жар салып жүр.
Владимир Путин тележүргізуші Владимир Соловьевті Ресейдің оң имиджін қалыптастырғаны және Отанға сіңірген еңбегі үшін орденмен марапаттады.
Алайда бұл жағдай көптің көңілінен шыға қойған жоқ. Жылдар бойы Соловьевтың сөйлеу мәнері мен іс-әрекетін әріптестері күлкіге айналдырып жүр, делінген сюжетте.
«Сұхбатында өзі туралы қарапайым сөйлейді, бірақ эфирде мораль, этика және журналистік стандарттарды елемейді», — дейді журналистер.
Соловьев ашушаң әрі үнемі өмірі жанжалға толы адам. Бір кездері Путинмен бірге “менің өмірі белгісіз адамдар қастандық ойластырды” деген қауесетті таратқан. Бірақ оның Ресей Федерациясының Президентімен байланысы бастапқыда басұаша болған. Мансабының алғашқы кезеңінде Соловьев Путин мен билікке қарсы белсенді сөйлеп, адал журналист ретінде танылды. Сену қиын, алайды Соловьев Украинамен соғысқа және Қырымды аннексиялауға қарсы болған.
Ақша көп мәселенің шешімін табатыны рас. Нені меңзеп тұрғанымыз белгілі шығар. Журналистер зерттеу нәтижесінде Соловьевтің эфир сағаты 400 мың рубльді құрайтынын және оның ақысы жылына шамамен миллиард рубльді құрайтынын анықтады.
Бұған дейін ол Путиннің қолынан «Достық ордені», «Ресей Федерациясы Президентінің Алғысы», «Құрмет ордені», «Николай Озеров медалі», сондай — ақ «жоғары кәсібилігі мен объективтілігі» үшін украин Қырымын аннексиялауды ақтап, “Невский Орденін” иеленген еді.
«Соловьев Live» және «Владимир Соловьевпен кеш» шоуының жүргізушісі ЕО, Ұлыбритания, Канада, Австралияның және Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамдардың қара тізіміне енгізілген. Оның YouTube-тегі «Соловьев Live» арнасы платформаны пайдалану шарттарының бұзылуына байланысты жабылды.