«Прокурорлық тексеру жүріп жатыр»: қазақтарға қарсы «ұлы орыс шовинизмін» танытуда деген Шишигинаның өзі жауап берді
Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаны қазақтарға қарсы «Ұлы орыс шовинизмін» танытып отыр, ол «ұжымды басқарғалы бері қасына тек славян текті адамдарды ғана жинап, өзге әскери қызметкерлер мен спортшыларға менсінбеушілік танытады, тіпті, жұмыстан шығарамын деп қорқытады» деп айыптауда.
Армияшылардың орталық спорт клубының (ЦСКА) бұрынғы сержанты Фархат Тапалов Қорғаныс министрлігінен көмек сұрап жазған хатын журналист Гүлбану Әбенова фейсбук парақшасында жариялады. Мән-жайдың анық-қанығын білу үшін Caravan.kz тілшісі Ольга Шишигинамен тілдесіп көрді.
– Сіздерде прокурорлық тексеру жүріп жатқаны рас па?
Иә, олар таңертеңнен бері жұмыс істеп жатыр. Мен олардың ісіне араласпаймын, өз жұмысым да жетерлік. Бізде қорқатын ештеңе жоқ, барлығы бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр. Менің пікірім қысқа — біздің спорт клубындағы атмосфера бұрынғыдай тамаша. Соңғы жаңалық, біздің клубтың спортшылары Нью-Делиде өткен кір тасын көтеруден әлем чемпионатында 6 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемді дүр сілкіндірді. Міне, мақтануға болатын жаңалық осы.
Сізді Армияшылар спорт клубының ұжымында жағымсыз ахуал туғызуда, жұмысқа ұлттық ерекшелігі бойынша қабылдауда. Яғни орыстарды ғана, ал қазақтардың өмірін, мансабын бұзуда деп айыптап жатыр.
— Түсінікті, бұл бұрынғы сержант Фархат Тапалов Қорғаныс министріне шағымданды. Өзі жұмыс істегенде ұжымда жайлы ахуал болғанын, ұжымның тату-тәтті болғанын, бірақ мен келгенде, неге екені белгісіз, оның ойынша, қожырай бастады деп шағымданған. Мен керісінше айтар едім. Бұл ұжымда ахуал оңды болмады. Керісінше, бұрынғы басшылық өзінің (!) командасын жасақтады және ол команданың белгілі бір артықшылықтары болды..
— Қызық екен, Айталап Құрғамбаев (бұған дейін ЦСКА-ны басқарған) кезінде қандай артықшылықтар болды сонда?
— Оның сенімді адамдары өздеріне ұнамаған адамдарды жұмыстан босатып немесе ауыстыра алатын. Бұрынғы басшылықтың бұйрығын көтердік. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қоян-қолтық ұрыстан ең нәтижелі спортшы болған, төрт дүркін әлем чемпионы капитан Қазбек Сағынды лайықсыз деп клубтан шығарған. Кіші сержант Дәулет Молдағажанов Щучьеге ешкімнің келісімінсіз жіберілгеннен кейін қызметінен кетуге мәжбүр болған. Аға лейтенант Рүстем Жәлелмен келісімшарт ұзартылмаған. Бұны бұрынғы басшылық кезінде қанша адамның лайықсыз жұмыстан шығарылғанын немесе ауыстырылғанын оңай бақылауға болады.
– Шағымда сіз тек славян ұлтының өкілдерін ғана өзіңізге жақын тартады деп жазылған.
– Бұл мәлімдеме мүлдем қате. ЦСКА ұлтына қарамастан тек спорттық жетістігі бойынша ғана спортшыларды қабылдайды. Ол клубтың жарғысында жазылған. Бұрынғы басшылық кезінде түрлі ұлт өкілдері қызмет етті. Мысалы, ЦСК мақтанышы – Олимпиада чемпионы подполковник Ольга Рыпакованы алайық. Немесе бағдарлаудан әлемнің бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, майор Денис Власов немесе майор Максим Губарев, сержант Евгений Алексеев. Барлық спортшыларға жынысы мен ұлтына қарамастан бірдей қатынас жасалады. Жеке құрамға деген көзқарас тек олардың қызметтік және іскерлік қасиеттеріне және спорттағы жетістіктеріне негізделеді. Барлық қызметкерлерге қойылатын талаптар бірдей. Егер бұл талаптарды әскери қызметшілер тарапынан орындалмаса, онда олар белгілі бір ұлтқа жататындығына қарамастан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғысы бойынша толық көлемде сұралады.
– Сондай-ақ, сіз тек славян текті қызметкерлер мен әскери қызметкерлерді жұмысқа алады деп көрсетілген.
— Ал бұл шындыққа жанаспайды. Шағымда көрсетілген офицерлер: майор Алексей Тюрин, капитан Денис Перемитин, ефрейтор Анна Седельникова ЦСКА-да 2000 жылдардың басынан бері қызмет етіп келеді. Бұл мәліметтерді кез келген ашық дерек көздерінен оңай табуға болады. Мен ЦСКА төрағасы лауазымына келгелі тек славян тектілерді ғана емес, жоғары білікті өзге адамдар да қабылданды. Иә, істерді жіті зерделегеннен кейін бұрынғы басшылық тарапынан жұмыстан босатылған кейбір жоғары білікті мамандар мен әскери қызметкерлер спорт клубына кері қайтарылды.
– Сонымен Ольга Шишигинаны ұлы орыс шовинизмімен айыптау кімге және не үшін қажет?
— Ол түсінікті ғой. Қайтып оралғысы келетін және ескі саясатты жалғастырғысы келетіндерге. Спорт клубына «өлі жандарды» тіркеп, біреулердің атынан қомақты ақша алуды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруда түрлі схемалар арқылы ақша жеуді және басқа да заңсыз жағдайларды ұйымдастырушыларға. Бірақ қазір бұл туралы айтпай-ақ қояйық. Бұл әлдеқашан өткен шақ. Біз бүгін және болашақта өмір сүруіміз керек. Бізге спорттық ареналарда бұдан да көп жеңістер тілейміз.