Прокурор Сүлейменовтің өліміне айыпталған Мұхитованы 2 жылға қамауды сұрады

0

Қазақстандық белгілі жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовтің қазасына байланысты сот отырысында прокурор айыпталушы Малика Мұхитованы екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

увктук

Малика Мұхитова. Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Прокурор Әлішер Бараев соттан Қызылорда облыстық полиция бөлімі бастығының қызын Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3-ші бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін абайсызда бұзу) бойынша кінәлі деп тануды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы жазалау шарасы ретінде оны 2 жыл бойы ең төменгі қауіпсіздік колониясында тұтқындау керек деп санайды.

Бұдан басқа, ол Малик Мухитованы үш жылға жүргізуші куәлігінен айыруды сұрады.

Еске салсақ, 24 қазанда өткен сот отырысында Ескендір Сүлейменовтің жақындары айыпталушыдан барлық шығынды өтеуді талап ететіндерін жеткізген.

Онда өртенген мотоцикл құны, жерлеуге кеткен шығындар мен сотқа дейінгі тергеуге қатысу үшін жұмсалған қаражат 14 миллион 753 мың 190 теңге деп есептелген болатын.

Сондай-ақ, марқұмның анасы айыпталушыдан материалдық шығынды өтеуін неліктен талап еткенін түсіндіріп берген.

Алайда бүгін Сүлейменовтің жақындары материалдық шығын үшін 15 миллион теңге алудан бас тартқаны туралы хабарланды.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар