прокуратура ұсталғандардың нақты санын жариялады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Заңсыз акцияларға қатысқаны үшін 957 адамға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Бас прокуратура заңсыз митингілер кезінде ұсталғандарға қатысты қандай жаза қолданылғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісовтің айтуынша, осы уақытқа дейін заңсыз акцияларға қатысқаны үшін соттар 957 адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану шешімін шығарған.

«Олардың ішінде 670 адам қамауға алынды. 115 адамға айыппұл салынды. Ал 172-сіне ескерту жасалды», — деді Нұрпейісов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, кейбір азаматтар өз кінәсін мойындаған. Олардың отбасы жағдайы да ескерілді. Осыған байланысты прокурорлар 311 адамға қатысты апелляциялық өтінішті қанағаттандырды. Соттар да бұл бастаманы қолдады.

«Бүгін қамау мерзімінің аяқталуына байланысты тағы 63 адам босатылады. Әлі 180 адам қалып отыр. Оларды қамауда ұстау уақыты — 6-15 тәулік. Нұр-Сұлтанда 80 адам, ал Алматыда 100 адам”, — деп атап көрсетті Нұрпейісов.

Айта кетсек, 9-10 маусымда өткен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митинг өтті. Екі күннің ішінде ішкі істер органдары барлығы 700-ге жуық адамды ұстады.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы митинг: оқиғалар хронологиясы

Митингілер болған бірінші күні 500 адам ұсталған еді. Оның ішінде 400 адам жауапкершілікке тартылды. Ал екінші күні, шамамен 200 адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың арасында 150-ге тарта адам жауапқа тартылды.



sputniknews.kz