прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазіргі уақытта қоғам белсендісі Дулат Ағаділ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады.

«25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні барлық мән-жайды тексеру әділдігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне қабылданды», — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы.

26 ақпанда марқұм Ағаділ отбасы адвокатының өтінішімен өздері шақырған жекеменшік сот сарапшыларының (А.Ақанбеков, Р.Сатывалдеев) қатысуымен марқұмның денесі тексерілді. Оның нәтижесінде зерттеу жұмысына тартылған мамандар Ағаділдің өліміне жүрек-қан тамыры ауруы себеп болғанын анықтады.

«Зорлық-зомбылыққа тән қандай да бір дене жарақаттары анықталған жоқ. Сарапшылар, марқұмның ағасы және адвокаты ескерту мен өтініш жасаған жоқ», — делінген ақпаратта.

Сот сараптама қорытындысы зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша ұсынылады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ағаділдің өлімі

Кеше, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған еді. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алмастырды.

24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.



sputniknews.kz