Прокуратура бір айда үш баланың терезеден құлау себебін анықтады
Қысқа сілтеме алу
Балалар терезеге әлсіз орнатылған маса өткізбейтін торға сүйенемін деп құлап түскен. Қазір үш баланың бірінің жағдайы ауыр деп бағалануда
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Соңғы бір ай ішінде Қызылорда өңірінде үш бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап, жарақат алды. Балалардың бірі ауруханада ауыр жағдайда жатса, екеуінің өміріне айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ.
«Екі жастан бес жасқа дейінгі аралықтағы балалардың құлау себебі, олар терезе үстіне көтеріліп, маса өткізбейтін торға сүйеніп отырған», – делінген баспасөз хабарламасында.
Балалардың дене бітімінің кіші болуы мен құлаған биіктіктің екінші немесе үшінші қабатта орналасуы олардың аман қалуына сеп болған.
«Бір бүлдіршін бетон еденге құлағандықтан қазір ол өте ауыр жағдайда жатыр. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қалу үшін барлық шараларды қолдануда», – деді прокуратура өкілдері.
Оқи отырыңыз: Тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел түк болмағандай кете барды – видео
Осыған ұқсас жағдай Қызылорда қаласында орын алды. Үш жастағы бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
«Ата-анасының қарауынсыз қалған бала биіктен құлап, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.
Қазір сәбидің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
sputniknews.kz