Продюсерімен ажырасқан Луина өзінің жаңа сүйіктісін көрсетті (фото) – новости Казахстана

0
75

Ашық-шашық образымен ел назарына түскен Луина өзінің жаңа сүйіктісін таныстырды. Азаматтық некедегі продюсерімен айырылысқан әнші Артём есімді жігітпен кездесіп жүргенін мәлім етті деп жазады «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Луина. Фото: Әншінің жеке парақшасы мен "Ревю" бағдарламасынан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Луина. Фото: Әншінің жеке парақшасы мен «Ревю» бағдарламасынан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Луина жаңа ғашығын жаңа клипіне де түсіріп үлгерген.

Айта кетерлігі, әншінің жігіті шоу-бизнес әлемінен емес. Алайда ол Луинаның концерттері мен түсірілімдерінде жанынан табылады екен.

Естеріңізге сала кетейік, Луина биылғы жылдың ақпанында азаматтық некедегі продюсері Жомарт Сүлейменовпен қарым-қатынастарын тоқтатқанын мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ, әнші кеудесіне пластикалық ота жасатып, төсін үлкейтіп алды.

Луинаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.