Продюсер Гүлнұр Мамасарипова 10 млн теңге гонорарға лайық актердің кім екенін атады

0

Көпшілікке “Келінжан” сериалымен танылған продюсер Гүлнұр Мамасарипова журналистің актерлерге байланысты қойылған сұрақтарына жауап берді. Продюсердің айтуынша актерлер 500 мың теңгеге тек эпизодқа түсетін көрінеді. Олардың жалпы гонорары 500 мыңнан бастап миллионды құрайтыны айтылған.

«Күніне 1 млн теңге Нұргүл Мыңғатоваға төлейтін едім. Сондай сома төлеуге қауқарым жетсе, төлейтін едім. Әттең, қолдың келтесі-ай болады ғой. Қол қысқа. Күніне 1,5 млн теңгені актер Дәурен Серғазинге, 2 млн теңге гонорарды Дулыға Ақмолдаға төлейтін едім. 3 млн теңгені жасы үлкен, аталар мен апаларды ойнайтын аға буын өкілдеріне беретін едім. Шамам келгенше, иығына шапан жауып, жоғары гонорар беруге тырысамын. Бірақ олар арамызда қанша уақыт жүреді дейсіз? Асыл қария, қарттың рөлін ойнап жүрген актер мен актрисаларға беретін едім. Ал 5 млн теңге гонорарды 4-5 күн түсірілімі үшін Қайрат Әділгерейге беретін едім. Күніне 7 млн теңгені ешкімге бермеймін. Қандай да бір линия үшін Берік Айтжановқа, Азамат Сатыбалдыға беремін. Олардың сериалдағы гонорары сондай болуы мүмкін. 10 млн гонорарды «Келінжан» телехикаясындағы Лейло Бекназарға беретін едім», — деді Гүлнұр Мамасарипова.

фото: instagram.com/gulnur_mamasaripova