Продюсер Баян Мақсатқызы Қазақстандық шоу-бизнестегі былықтың артын ашты

0

Продюсер Баян Мақсатқызы Қазақстандық шоу-бизнестегі былықтың артын ашты. Ол көпшілік шатастыратын жезөкшелік лас қызметтің шоу-бизнеске қатысы жоқ екеніне сендіруге тырысты, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Баян Мақсатқызы Мискузи Боул арнасына берген сұхбатында шоу-бизнес жайлы айтылатын қауесеттерге жауап берді. Оның айтуынша, Кеш you тобының жезөкшелікке еш қатысы жоқ.

«Шоу-бизнестегі жезөкшелік деген сөзді мен түсінбеймін де. Бұндай бар ма өзі? Мен білмейді екенмін. «Кеш you» тобының бұған қатысы жоқ. Бір рет сондай ұсыныс болды. Бірақ, әрине, бас тарттық. Егер сондай жолмен ақша табатын болсақ, бұл қазір бәріне белгілі болар еді. Себебі мен танымал адаммын. Менің әр әрекетімді жасыру мүмкін емес. Қыздар жабық кештерге барды. Онсыз болмайды. Бірақ ол лас нәрсеге барды деген сөз емес. Олардың қасында адамдары, директоры, көліктері бар. Бұл мүмкін емес нәрсе» деді Баян.

Сондай-ақ, продюсер топта бір қыз үнемі белсенді болатыны заңдылық екенін түсіндірді. Мәселен, Жанар Дұғалова Кәмшат пен Айданадан қай жағынан да мықты екені талассыз.

«Бір топта әрдайым біреуі озық болады. Ол дауыс жағынан да, басқа жағынан да алда тұрады. Оны көрермен сезеді. Себебі ол әншінің харизмасы ерекше болады. Жанардың топта Кәмшат пен Айданадан ерекшеленіп тұрғаны сондықтан. Оны мен әдейі солай жасаған жоқпын. Ол заңдылық. Бір топта міндетті түрде бір лидер болады. Даусы жақсы бір әнші болады. Бұрын солай болған. Ал қазіргі топта бәрі бірдей» дейді ол.

(фото ru.sputnik.kz)