Пригожиннен жауап: Ресей Ураинамен соғысқа ауған әскерін тарта ма?
Бірқатар шетелдік БАҚ дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресей Украинадағы соғысқа қатысу үшін Ауғанстан армиясының бұрынғы әскери күштерін жалдайтынын хабарлады. Нәтижесінде Associated Press халықаралық агенттігінің Мәскеу бюросы шындықты білуге шешім қабылдады. Олар «Вагнер» ПМК-ға сұрау жіберіп, компания басшысынан екі түрлі жауап алды.
Бірінші нұсқа:
«Қазіргі уақытта Норвегия, Швеция және Финляндия бағытында екінші майдан ашу үшін Ауған армиясымен келіссөздер жүргізілуде».
Екінші нұсқа.
«Бізге мұндай ақылға қонымсыз сұрақтардың себептері түсініксіз. Ауған әскерінің керегі қанша?».
Айта кету керек, «Вагнер» ПМК Украинадағы соғысқа шетелдіктерді жинап жатыр деген қауесет бірінші рет тарап жатқан жоқ.
t.me/orda_kz
Фото: sputnik.kz