Президенттің жаңа кеңесшісі тағайындалды

0

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — делінген жарлықта.

Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Ақжар ауылында дүниеге келген.

Еңбек өтілін 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтты университетінде халықаралық қатынастар факультетінде зерттеуші-тағылымгер ретінде бастаған.

2003-2016 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің аспиранты, жауапты хатшы, бас редактор, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының бас кординаторы, Қазақстан жазушылар одағының «Қаламгер» журналының бас кординаторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

Мәлік Отарбаев 2018 жылы қарашада Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған.

(Фото ашық ақпарат көздерінен)