Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми мәлім етті.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.