Президенттің орамал жайлы сөзі жұрттың жүрегін елжіретті – видео
Қысқа сілтеме алу
Шавкат Мирзиёев бокстан әлем чемпионатында көзге түскен спортшылар мен бапкерлерді марапаттау рәсімінде өзбек орамалына тыйым салынбайтынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ұлттық орамалға ешқашан тыйым салынбайтынын жұрт алдында мәлімдеді.
Кеше Көксарай резиденциясында Екатеринбургте өткен әлем чемпинатында жалпы командалық есепте бірінші орын алған өзбек боксшыларын марапаттау салтанаты өтті, деп жазды Sputnik Өзбекстан.
Турнир жеңімпаздарының бірінің анасы мемлекет басшысына алғыс білдірді. Дәстүрлі өзбек ормалын таққан әйел тіпті шалғай өңірлерде де спортты дамытуға көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.
«Біздің спортшыларымыз тек қана жеңіске жетіп, Өзбекстанның туын әрқашан биікке көтеруін құдайдан жалбарынып сұраймын! Қамқорлық жасағаныңыз үшін сізге рахмет. Өмір жасыңыз ұзақ болсын», — деген әйелге залдағылар орнынан тұрып, қол шапалақтап құрмет көрсетті.
Бұл сөзге көңілі елжіреген Шавкат Мирзиёев шын жүректен айтылған өзбек тілегі үшін оған алғыс білдіріп, мақтау айтты.
«Біздің ұлттық киіміміз бен орамалымыз сізге сондай жарасып тұр. Сізге қарап тұрып, әйелдердің сыртқы келбеті туралы айтуды жөн деп таптым, оның үстіне бұл тақырып қазір көпшіліктің назарында. Бәрі біліп жүрсін: біздің әйелдеріміз бен қыздарымызға ұлттық киім мен орамал өте жарасады. Оған ешкім және ешқашан қарсы болмаған, болмайды да. Мәселен, сіздің бас киіміңіз қадірлі өзбек анасын есіме түсірді. Бұл бас киім біздің ұлылығымыздың, шынайылықтың, шынайы рухымыздың көрінісі», — деді президент.
Бұған дейін Ферғана облысының хокимі Шухрат Ганиевтің отырыстардың бірінде орамалмен күресті бастаймыз деген сөзінен кейін әлеуметтік желілерде дау шыққан.
Шенеунік сенатқа шақырылып, өз сөзіне жауап беруге мәжбүр болды. Оған түзелу үшін үш ай сынақ мерзімі белгіленді.
sputniknews.kz